Сайрам және Төле би аудандарында карантин шектеуі күшейтілді

Сайрам және Төле би аудандарында карантин шектеуі күшейтілді

ашық дереккөзі

 width= Атап айтқанда, екі ауданда Ashyq жобасын енгізбеген нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Тек алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат беріледі, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы. Ashyq жобасымен қызмет көрсететін мейрамхана, дәмхана, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары, бассейндер, сауда үйлері, сауда желілері, бильярд, компьютер клубтары, сұлулық салондар, шаштараздар жұмыс күндері кешкі сағат 20:00 ге дейін ашық болады. Ал, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым істемейді. Ashyq жобасымен жұмыс істейтін демалыс үйлері, туристік базалар және жағажайлар азық-түлік емес дүкендер, ашық, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, батуттардың сенбі, жексенбі күндері жұмысы тоқтатылады. Еске сала кетсек, мегаполистер мен ірі қалалар маңындағы қала тұрғындары демалуға баратын аудандарда карантин күшейтіледі. Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай мәселе қаралған еді.

Жүктелуде...