Заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша кезекті жиын Ордабасы ауданында өтті

Заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша кезекті жиын Ордабасы ауданында өтті

ашық дереккөзі

 width= ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Ордабасы ауданында болып, Қажымұқан ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлеріне адалдық идеялогиясын қалыптастыру бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы. Жиында жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі,  ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды. Түсіндіру жұмыстарының соңында Ерұлан Тұңғышбаев аталған жаңа Әкімшілік Заңнамаға сәйкес,  мемлекеттік  функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.

Жүктелуде...