Түркістан: Сауранда айына 500 жиһаз өндіретін цех жұмыс істеп тұр

Түркістан: Сауранда айына 500 жиһаз өндіретін цех жұмыс істеп тұр

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысы Сауран ауданында жұмсақ жиһаздың 40-қа жуық түрін шығаратын цех жұмыс істейді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «DIVALUX» атты кәсіпорын 2002 жылы құрылған. Содан бері аталған мекеме өз өнімін еліміздің барлық өңірлерінің нарқына шығарып үлгерген. Мекеме басшысы Шухрат Нәбиевтің ендігі мақсаты – кәсібінің өрісін кеңейтіп, дайын тауарды алыс-жақын шетелдерге экспорттау. «Алғашында жиһаз шығаруды 5 мың шаршы метр аумақта бастадық. Ол кезде 5-6 адам ғана жұмыс істейтін. Тапсырыс көбейіп, өнім өзекті болған соң жұмысшылар саны жыл санап арта түсті. Қазіргі таңда, жұмысшылар саны 120-ға жетіп отыр. Мамандардың негізгі бөлігі жергілікті азаматтар. Олардың біліктілігін арттыруға да тиісті деңгейде жұмыстар атқарып жатырмыз», – деді Ш.Алиханұлы. Жиһазға қажетті шикізаттар Түркия елінен жеткізілуде. Аталған цех айына 500-ге жуық жиһаз құрастыруға қауқарлы. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.  

Жүктелуде...