Екпеге енжар қарауға болмайды!

Екпеге енжар қарауға болмайды!

ашық дереккөзі

 width= Әлемді жаулаған індетке байланысты нақты жұмыстар Ордабасы аудандық ауруханасында да лайықты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі. Бұл жөнінде ескі аурухана толық жөндеуден өтіп, санитарлық- эпидемиологиялық талаптаға сай жабдықталды. Сондай-ақ, ол барлық құрал – жабдықтармен, төсек орындармен қамтамасыз етілді. Ордабасылық дәрігерлер қазір науқасқа шалқыққандарды емдеу мен халыққа вакцина салуда тындырымды тірліктер атқаруда. Ордабасылық дәрігерлердің де  жұмыстары қазір қауырт.  Дертке шалқыққандар  қатары бұл аймақта да  аз кездескен жоқ. Әйтсе де, ондай науқастар білікті дәрігерлер арқасында ем алып, дерттерінен айығуда. Алайда, соғы уақыттарда дертке шалдыққандар қатары күрт артуда. Бұл сақтық шараларын сақтамаудан болып отырған жайт. Ал оның бірден бір емі- вакцина алу,- дейді мамандар. Індетке байланысты қазір вакцианың бірнеше түрі бар.  Оның қайсысын аламын десе де әркімнің өз еркі.  Вакцина алып жатқан жандар баршылық. Дегенмен, халық арасында әлі де енжарлық танытып, қаңқу сөздерге сенетіндер көп кездесуде. Бұл өте  қынжыларлық жағдай. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап» дегендей,  мемлекет жасап отырған жағдайға мойынсұнып, өз  еркімен вакцина алып жатқан жандар да аз емес екенін айтады Ордабасы аудаедық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Мырзагельдиев.

Жүктелуде...