Балалар ауылы ауласына Израилдік технология енгізілді

Балалар ауылы ауласына Израилдік технология енгізілді

ашық дереккөзі

 width= Балалар еңбекке жастайынан бейімделуі керек. Төлеби ауданындағы балалар өздері тұтынатын азық-түлікті өздері өндіріп отыр. «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылына» барған Израиль Мемлекетінің Қазақстан және Қырғыстан Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман жастардың еңбегімен танысты. Елші жанына «Нетафим» компаниясының өкілі Станислав Медведевті ертіп келіп, тамшылатып суару әдісінің мүмкіндіктері жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Лиат Вексельман Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылына келіп, Израиль технологиясымен тамшылатып суару жүйесін орнатуға демеушілік көрсетті.   «Нетафим» компаниясы балалар ауылына тамшылатып суару жүйесін сыйға тартуды жөн көрді. Балаларды еңбеккке баулып, олардың көкөніс өнімдері мен жемістерді өз қолымен баптап өсіріп, табиғи таза өнімдерді тұтынуына жол ашпақ. Лиат Вексельман, Израиль Мемлекетінің Қазақстан және Қырғыстан Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Этого проекта очен многа смысла Бұл жоба өте маңызды Бұл Израйл елінің бастамасын  Нетафим фирмасы жүзеге асырып жатыр. Біріншіден Израйл да сіздердің өңірлеріңіз сияқты шөлейт өңір. Жаңбыр аз жауады, су тапшылығы бар. Ауылшаруашылығын дамыту ауыр болғандықтан осындай жобаларды жүзеге асырдық. Соның бірі тамшылатып суғару әдісі. Мұнда бір тамшы су далаға кетпейді. Екіншіден израйл жаңа технологияларды жүзеге асыруда алдыңғы қатарда. Сондықтан сіздердің өңірлеріңіздеде біздің тәжірибеміз оң ықпал етеді. Балалар ауылының  тұрғындарына  Израильдің компаниясы 7 соттық арнайы жерге қияр егіп, оны тамшылатып суару әдісімен күтіп-баптауға мүмкіндік берді. Жастайынан еңбекпен өскен бала ертең еңбекпен тапқан нанның  қадірін білетін болады. Тамшылатып суару әдісі арқылы өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды біркелкі етіп жіберуге болады. Ал, бұл әдісі арқылы құбырлар топырақ үсті немесе асты арқылы орналастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан аумағының 30 мыңнан астам  гектар жеріне осы әдісті қолданып, суару жүйесін енгіздік»,- дейді «Нетафим» компаниясының өкілі Станислав Медведев. Іс-сапар соңында Лиат Вексельман ханым  отбасы үлгісіндегі балалар үйінің естелік кітабына өз жылы лебізін, ізгі тілектерін жазып қалдырды.

Жүктелуде...