КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ашық дереккөзі

   width=

Келес ауданында ескі бағаналар жаңартылуда, деп хабарлайды NewsRoom тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінге дейін жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналары алмасты. Жөндеу жұмыстарын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен жүргізуде.
«ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің 2021 жылға жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы Келес ауданында қарқынды жүріп жатыр. Аудан бойынша Біртілек ауылдық округінің Керегетас, Оразата елді мекендері , сондай-ақ Абай ауылындағы Арал мөлтек ауданындағы ескірген ағаш бағаналары темірбетон бағаналарымен алмастырылады. Сонымен қатар, кернеуі 0,4 киловольттық электр сымдары да жаңарады.
Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері ұзындығы бойынша 4,3 шақырым жерге 132 электр бағанасын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң 125 үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Қыркүйек айында Ораз ата ауылы көшелеріндегі ескірген электр бағаналары жаңасына ауыстырылады.

Жүктелуде...