Жаңалықтар

Головкин - «Канело» жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде екінші орынға ие болды

Mymmanews.com сайты онжылдықтың ең үздік бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады. Оған Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альвареспен өткізген екінші айқасы енгізілді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі inform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған. Бұл олардың қарымта жекпе-жегі болатын. Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен. Екі боксшы да соңғы раундқа дейін бір-біріне ауыр соққы берумен болды. Альварес төрешілердің бірауыз дауысымен Головкиннен басым түсті», делінген БАҚ-та. Журналдың нұсқасы бойынша онжылдықтың ең үздік 7 айқасы: 1. Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015) 2. Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018) 3. Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012) 4. Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013) 5. Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010) 6. Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016) 7. Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)