Теңге құнсыздана ма?

Теңге құнсыздана ма?

ашық дереккөзі

2015 жылғы девальвация қайталануы мүмкін. Еліміздегі танымал экономистердің бірі осындай болжам жасап отыр. Ұлттық Банк осыған дейін жылдық инфляция 7,9 процентті құрап отыр деп ақпар таратқан еді.  Алайда сарапшылар, қазіргі қымбатшылықты ескерсек, бұл цифрлардың шындыққа жанасуы екіталай дейді. Сонда кімге сенеміз? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. «Еліміздің қазіргі ахуалы бізге тым таныс картина». Сарапшы Арман Байғанов: «Экономикамыздың бүгінгі күйі 2015 жылдың тамыз айын еске салады»,  дейді. Осыдан алты жыл бұрын теңге ауқымды девальвацияға ұшырап, ақш валютасының құны күрт көтеріліп кетіп еді. Сол жылдары да Ұлттық банк төл теңгеміз құлдырамайды деп халықты осынша сендіріп баққан. Содан бері доллар бағамы 400-дің айналасында сақталып келеді. АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ: «Мәселе біздің Қазақстан Россиямен, басқа мемлекеттермен экспорт-импорт, әртүрлі тауарлар, сатып алынады. Себестоимость өскен жағынан конкурентспособность нарық бойынша өте төмен болып қалады. Казақстанский производительдарда». Ұлттық Банктің деректері бойынша, маусым айындағы жағдайға сәкес, жылдық инфляция 7,9%-ды құрап отыр. «Бірақ елдегі жаппай қымбатшылықты есепке алсақ, ұлттық банк ұсынған статистикаға сену қиын»,  дейді сарапшы. Жағдай алаңдауға тұрарлық. Инфляциялық процестер бетімен кетіп, бақыланбайтын күйге жетті деп отыр экономист. Басты болжам сол  2015 жылдағыдай курс бірден екі есеге артып кетпесе де, 5-10 пайызға өсуі әбден мүмкін. АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ: «Осы конкуренция именно экономика өсіру үшін басқа мемлекеттермен, ұлттық банк, точно уақытын айта алмаймын осы жыл ма, жылдың аяғы ма, может келесі жылы конкуренция жоғарылату үшін курстың долларын өсіруі мүмкін». Экономист айтып отырған бәсеке - біздің елдегі тауарлар құны. Еуразиялық одақ құрамындағы өзге елдермен салыстырғанда, бағаның әлдеқайда артуына байланысты қазақстандық кәсіпкерлер бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Ал бұл сайып келгенде экспорт арқылы күнелтіп отырған көптеген компаниялардың банкроттығына алып келеді. ЛЯЗЗАТ НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, ЭКОНОМИСТ-САРАПШЫ: «Біз Ресейдің рубліне тәуелдіміз. Ал ресейдің экономикасы батыс елдерінің салатын санкциясына байланысты болады да. 01:48 Біздің енді мұнайымыз сыртқа шығатын бағасы біршама көтерілетін болса, теңгенің құны шамалы тұрақталып немесе тағы да бір шамалы өсім көрсете ме деген үміт бар». Өзара тауар айналымы үлкен елдердің валюталары қай кезде де бір-біріне әсер етпeй тұрмайды. Бұл Қазақстан мен Ресейге де тән. Байланыс берік болған сайын валюталардың ықпалы да күшті. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 8,6 млрд долларға жеткен.

Жүктелуде...