Жұрттың баласы! Украиналық депутат Олимпиадада алтын алды

Жұрттың баласы! Украиналық депутат Олимпиадада алтын алды

ашық дереккөзі

Украина Парламентінің депутаты Жан Беленюк Токиода Украина құрамасына бірінші алтынды әкелді. Бұл туралы newsroom.kz порталы @sportilinet телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды. 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Жан финалда мажарлық Виктор Леринцті жеңген. Түрі славян нәсіліне ұқсай бермейтін Жанның анасы – украин қызы, әкесі – руандалық. Руандада болған азамат соғысында қаза тапқан. 1991 жылы дүниеге келген Жан 2019 жылдан бері Жоғары Рада депутаты. Депутат лауазымынан бөлек оның лейтенант әскери атағы бар. 2000 жылдан бері күреспен айналысатын ол Еуропа және Әлем чемпионы.

Жүктелуде...