Жаңалықтар

Қолда бар алтынның: қазақстандық жаттықтырушы Өзбекстанға кетіп алтындар әкелуде

Илья Ильинді жаттықтырып, Олимпиада ойындарында Қазақстанға алтындар әкелген жаттықтырушы Елжас Болтаев арада болған кикілжіңдерден кейін Өзбекстанға кеткен.

Қазір ол жаттықтырған Акбар Джураев Токио олимпиадасында Өзбекстан құрамасына бір алтын әкелген. Бұл туралы @ztb_video инстаграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Осыдан бес жыл бұрын Рио Олимпиадасының қарсаңындағы болған жанжалдан соң, Болтаевты шәкірті Александр Зайчиков жарыс алаңына шығар сәтте аккредитациядан айырған. «Риоға Қазақстан делегациясының құрамында ұша алмадым. Ондай шешімді Ұлттық Олимпиада Комитеті аяқасты қабылдады» - деген Болтаев қазір Өзбекстанда жемісті жұмыс істеуде. Өзбекстан құрамасының қоржынында бүгінде екі алтын бар. Қазақстан әлі алтын жүлде алған жоқ. [embed]https://www.instagram.com/p/CSJOXxyDJsG/?utm_source=ig_web_button_share_sheet[/embed]