Түркістанда 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тарқатылды

Түркістанда 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тарқатылды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысында 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды. Бүгінде коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында облыс полицейлері үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр. Адам көп шоғырланатын ойын-сауық орындары, базарлар мен сауда орындары, кафе-бар, тойханаларда тұрақты рейдті-кпрофилактикалық шаралар атқарылуда. Мәселен 2021 жылдың шілде айында Келес ауданында карантин режимін бұзуға қатысты 32 жайт анықталған. Оның ішінде 7-еуі - той-жиын. Анықталған жайттардың барлығы заңды шешім қабылдау үшін Келес ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Яғни, Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан тойханалардың бірінде сағат күндізгі 14:00 шамасында карантин режимін өрескел бұзып, үйлену тойы жасалып жатқаны анықталып, мобильдік топпен барған полицейлердің бейнежетонына түскен. Тойға 200-ге тарта адам жиналғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары тойға жиналған қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойды тарқатты. Аталған тойхана иесі мен той жасаушы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.  

Жүктелуде...