Жаңалықтар

Жаңа Зеландия қойшылар іздеп жатыр

Австралияның арғы бетіндегі Жаңа Зеландия мемлекеті ауылшаруашылық мамандарын оның ішінде қойшыларды жаппай іздеп жатыр деп жазады newsroom.kz порталы @immigrantium телеграм каналына сілтеме жасап.

Айта кететін жайт, екі жылдық тәжірибесі бар отардың басқарушылары - 79 500 NZD шамасында жалақы алады. Ескеретін нәрсе – 100 жаңа зеландиялық доллар – 69 АҚШ долларына тең. Отар менеджерінің көмекшісінің жалақысы - 92 000 мың жаңа зеланд доллары. Сүт өндірісі жөніндегі көмекшінің айлығы сағатына - 27 NZD. Телеграм каналдың жазуынша, Жаңа Зеландия жыл сайын ауылшаруашылық мамандарына мұқтаж. Әлемдегі ең жайлы әрі экономикалық дамыған елдердің бірі – Жаңа Зеландияға бұл қоныс аударуға таптырмас мүмкіндік. Себебі, бұл ел жыл сайын тұруға ықтияр хатқа өтінім беретін миллионер-инвесторлардың ақшасынан бас тартатын әлемдегі санаулы елдердің бірі. Бірақ қанша дамыған ел болса да, біздің елдегідей қойшы таба алмайтындары қызық екен...