Түрмедегі оқыс оқиғадан 3 адам қаза тапты

Түрмедегі оқыс оқиғадан 3 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

  Маңғыстауда  түрме жатақханасының төбесі құлап, 3 сотталушы үйіндінің астында қаза тапты. Ал, жазасын өтеуші 8 сотталушы түрлі дене жарақатымен орталық ауруханаға түскен. Оның біреуі өте ауыр халде  жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оқыс оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің өкілдері түрме аумағында  тексеріс жүрігізіп жатыр. Арнайы құрылған комиссия да, абақты басшылығы да  әзірге  қандай да бір мәлімет бермеді.  Ғимараттың төбесмі неліктен опырылып құлаған? Өңірдегі тілшіміз анықтауға тырысты. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. АЗАТ СӘДУОВ ГМ 172/6 ҚАТАҢ РЕЖИМДЕГІ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Қазіргі таңда барлық құзырлы органдар келіп, өздері тексеру жұмыстарын жүргізеді. Қорынтындысын кейін айтады. Туыстарын қазір жеке кездесеміз. Айтамыз. Бәрін түсіндіреміз. Комиссия қазір тексеріп жатыр. Бастық сол кісілермен жүр". Оқыс оқиға кезінде қаза тапқан марқұмның туысы бауырынан айырылып қалғанына әлі сенбейді. Інісі 12 жылға сотталып, бостандыққа шығуына бірнеше ай қалғанда көз жазып қалғанын айтады. Марқұмның денесі қазір мәйітханада екен.  Туған апасы  інісінің  өліміне  түрме басшылығын  айыптап  отыр. ЗЕЙНЕШ, МАРҚҰМНЫҢ  ТУЫСЫ: "Осы түрмеге әуелі екі аяғымен келді ғой. Амнистия болмай ма түрмеде отырғандарға. Мына басшылар не бітіріп отыр?. Кезінде амнистия болғанда мүмкін мұндай жағдайға тап болмас еді. Енді шығуға 8 ай қалды ғой. Шығады деп отырып, дәметіп отырғанда мына түрменің тасынан ажалы болып отыр ғой. Соған келіп тұрмыз. Бастығы не айтар екен?. Сол жөнінде білейік деп. Жаңа моргтен келе жатырмыз". "Мына зданиеге ремонт  жасалады ғой. Оның ақшасы қайда кетті? Кім жеп қойды?". Көпбейінді  ауруханада   8 сотталушының  4 еуі жеңіл жарақатына  байланысты  кері  қайтарылған дейді дәрігер.  Ал, біреуі жансақтау  бөлімінде жатыр. Оның  жағдайы өте  ауыр.  Қазір дәрігерлердің бақылауында. АЙБЕРГЕН СӘУІРБАЕВ, КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: "3 адам жатты травмотология бөліміне. 1 адам жатты реанимацияда. Ол кісі қазір апаратта. Қолы сынған, аяғы сынған. Миы шайқалған. Өкпесіне қан жиналған. Реанимацияда жатқан аурудың. Қазіргі таңда 3 науқас травмотолигия бөлімшесінде жатқан жағдайлары қалыпты олардың. Емін алып жатыр". Жалпы  ГМ 172/6 қатаң режимдегі абақтыда 600 ден астам сотталушы  жазаларын өтеп жатыр. Екі қабатты жатақхананың төбесінің неліктен опырылып кеткені әлі белгісіз. Бұл оқыс оқиғаға қатысты  қазір  қызметтік тексеріс жүргізілуде. https://www.youtube.com/watch?v=rvC-I8LpDBc

Жүктелуде...