Жаңалықтар

Қызын құтқару үшін құр қолмен қасқырды қылқындырып өлтірді

Қырғызстандағы ер адам қасқыр талап жатқан 13 жасар қызды құтқару үшін оны құр қолмен буындырып өлтірген.

Бұл туралы kaktus_mediakg телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады. Аталмыш оқиға Қара-Құлжа елдімекеніндегі шопандардың ауылында орын алған. Кішкентай қыз түнде қотанға түскен қасқырды байқап қалып, жарық түсірген сәтте қасқыр оны тарпа бас салған. Осы сәтте қасқырды байқап қалған ер адам құр қолмен оны қылқындырып өлтірген. Қолы мен бет-аузы таланған ер адам қазір ем алуда. Қыз болса, ол да емханада тексерістен өтуде. Бірақ оның қазіргі нақты жағдайы белгісіз дейді телеграм канал.