Ақмола облысында малдар арам қатуда

Ақмола облысында малдар арам қатуда

ашық дереккөзі

Ақмолада да мал арам қатып жатыр. Қазірдің өзінде 10 сиыр өлген. Тағы 500-дейі індет жұқтырған. Мүйіздіден шыққан кесел Ақкөл ауданындағы Азат, Новомарковка, Искра, Минское ауылдары мен Степногор іргесіндегі Қарабұлақ елді мекендерінде тіркелген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды деп жазады newsroom.kz тілшісі. АЛТЫНАЙ РАХЫМЖАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Даладан келді оп-оңды боп келді, таңертең шығарайын десем, шайқатылып жүре алмай қалды, мас сиырлар сиықты, бірақ мен оған қарамай шығарып жібердім, ойлағам жай өзі жүргісі келмей тұрған шығар деп ойладым, кешке қарай сразу сүйектері көрініп, резко арықтап қалды мал. Аузынан көбік ағып, ештеңе шайнай алмай». БАУЫРЖАН АЙСАХАНҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Енесі өлген бұзауды өртеп, өзімізше жер қазып, соған өртедік енді, басқасына жұқпасын деп. Ал қандай ауру екенін ол жағын білмедік. Ауылдағы ағайын да, мал дәрігерлері де бір айдан бері Зеңгі баба тұқымын сұлатып жатқан қандай дерт екенін анықтай алмай отыр. Сынаманы алып бас қалаға жібергелі біраз болды дейді. Бірақ, жауап әлі келмеген. Білгенінше, әлі келгенінше, мал дәрігерлері өздері күресіп жатыр. ОЛЖАТАЙ ФАЗЫЛОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ: «40 жылдан бері осындай індетті бірінші рет көріп тұрмын. Үкіметтен кішкене көмек болса, әрі болса бізге, бірінші көмек көрсететін, біздің қолымызда ештеңе жоқ. Ешқандай дәрі жоқ, ешқандай антибиотик жоқ, індетке ұшыраған күні қайда барарымызды білмедік. Қаланың сенбі жексенбі бүкіл аптекасы жабық. Жұмыс күні көкшетаудан алдырып, қазір мал емделіп жатыр, жақсы". Күнкөрісі төрт-түлікпен байланысты тұрғындар қазір алаңдаулы. Өйткені бір екпенің құны - 2500 тг. Тұрақты табысы жоқ шаруаның қалтасына кәдімгідей салмақ түсіріп жатыр. Ендігі үміті - Үкіметте. [embed]https://www.youtube.com/watch?t=425&v=1spHxQspr5w&feature=youtu.be[/embed]

Жүктелуде...