Еуроодақ ЛГБТ қауымына қарсы заң қабылдаған Венгрияны 7,2 млрд еуро қаржыдан айырды

Еуроодақ ЛГБТ қауымына қарсы заң қабылдаған Венгрияны 7,2 млрд еуро қаржыдан айырды

ашық дереккөзі

Еуроодақ ЛГБТ қауымына қарсы қабылдаған заң үшін ресми Будапештті 7,2 млрд еуро қаржылай көмектен айырды. Бұл туралы @worldprotest телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Естеріңізде болса, маусым айының басында Венгрияда кәмелет жасқа толмаған өскіндер арасында дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы насихатқа тыйым салатын заң қабылданған. Дамыған батыс елдерінде әжептеуір шу тудырған бұл заңның ақыры осындай нәтижеге алып келді дейді кей сарапшылар. Венгрияның қаржы министрі Юдит Варга қаржылай көмекті аталмыш заңға байланысты «қысып» тастады деген пікірде екен.  width= Алдында Мажарстанның отбасы істері жөніндегі министрі Каталин Новак болса, «Венгрияда тек еркектер мен әйелдер тұрады. Ал, қалған ертегідегідей «кейіпкерлер» біздің елде тұрмай-ақ қойса болады» - деп айтқан пікірі Қазнеттегі уатсап желісі арқылы кеңінен тараған болатын.

Жүктелуде...