Мектеп дәретханасында зорланған бала ісі әлі жалғасуда

Мектеп дәретханасында зорланған бала ісі әлі жалғасуда

ашық дереккөзі

Мектептегі дәретханада 7 жастағы баланы зорлау дерегіне байланысты Ақтөбедегі білім ордасының әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлайды деп жазады newsroom.kz порталы. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оқушының әжесі немересіне 9-сыныптың төрт оқушысы мектеп ішіндегі әжетханада зорлық-зомбылық жасағаны туралы шағымданған еді. Оқиға биыл наурыз айында болыпты. Мектеп басшылығы бұл туралы жәбірленуші баланың анасы полицияға арызданғанда ғана естіген. Осыдан кейін Білім және ғылым министрлігіне қарасаты Бала құқығын қорғау комитетінің басшысы Есенғазы Иманғалиев Ақтөбеге келіп баламен және оның ата-анасымен кездесті. Бірден мектеп директоры мен оның орынбасары жұмыстан уақытша шеттетіліпті. [embed]https://www.youtube.com/watch?t=146&v=uEEyleleUpQ&feature=youtu.be[/embed]

Жүктелуде...