Гаити – президентті атып өлтірген ел. Не үшін?

Гаити – президентті атып өлтірген ел. Не үшін?

ашық дереккөзі

Өткен аптаның 7 шілдесінде Гаити астанасы Порт-о-Пренсте қайғылы оқиға орын алды деп жазады bbc.com сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Ел президенті Жовеналь Моизды оқтың астына алған әскери киінген ер адамдар оны әйелімен қоса өз үйінде атып кеткен. 53 жастағы Гаити президентінің денесінен 12 оқтың ізін санаған. Гаити билігінің хабарлауынша шабуылды отставкаға шыққан 26 колумбиялық әскерилер мен 2 түбі гаитяндық АҚШ азаматы ұйымдастырған. Екі американдықты қосқанда 17 адам ұсталған, үшеуі атыс барысында қаза тауып, қалғандары ел аумағында бой тасалауда. Шетелдіктер біздің елге президентімізді өлтіру үшін келді – деген Гаити полициясының басшысы Леон Шарль журналистер алдында осындай мәлімдеме жасады. Себебі, президент үйіне шабуыл жасаған әскерилер ағылшын және испан тілінде сөйлеген. Ал, Гаити болса, француз тілді ел. 1806 жылы Франциядан тәуелсіздігін алған бұл елдің сол уақыттан бері басынан соғыс бұлты кеткен емес. 1808 жылы сайланғанына екі жыл толған тұңғыш президенттерін кескілеп өлтірген Гаити – вуду дінін ұстанатын және әлемдік рейтингтегі халқы ең кедей елдердің бірі. Республика Гаити. Фото, достопримечательности, информация и отдых в Гаити

Гаити - туристер ең аз баратын елдердің бірі

Қазір басшысыз қалған бұл елде заң бойынша билікке Жоғары сот төрағасы келуі тиіс еді. Алайда ол жуырда ғана коронавирустан қайтыс болған. Одан кейінгі кезекте премьер-министр тұрғанымен өліп кеткен президент 2018 жылдан бері алтауын тағайындап, өлерінен бір күн бұрын Ариэль Анриді тағайындағанымен, ант қабылдау рәсімін өткізе алмаған. Нәтижесінде қазіргі премьерді бұрынғысы мойындамай дау туындап отыр. БҰҰ тарапы болса, осы уақытқа дейін ел премьер-министрі болған Клод Жозеф келесі сайлауға дейін ел билігін өз қолына алуы тиіс деп санайды. Осындай кезде билік транзитін қамтамасыз етуі тиіс парламентті таратып жіберген Ж.Моизды батыс басылымдары диктатор болған деп жазған. Землетрясение повредило 90% домов в городе близ столицы Гаити - РИА  Новости, 16.01.2010

2010 жылғы жер сілкінісінен ел астанасының 90 пайызы қирап қалған 

Биылғы жылдың ақпан айында биліктен кетуі міндет болған Моиз осы уақытқа дейін бір реттік қастандықтан аман қалған. Ол кезде үш оққағары қаза тауып, елдегі шеруді басқан. Айта кететін жайт, он млн халқы бар Гаитидің 60 пайыз тұрғыны күндігіне 2 долларға ғана өмір сүреді. Елдің кедейлік деңгейінің төмендегені сондай 2010 жылғы жер сілкінісінен кейін президенттің резиденциясын қайта қалпына келтірмеген. Моиз қала сыртындағы өз үйінде тұрған. Sky News тілшісі Стюарт Рэмзи Гаитиде тұратын өз таныстарына телефон шалып, ақпарат сұратқанында олардың бірі - бұл дауыл алдындағы тыныштық - деп жауап берсе. Екіншісі - бұл бандиттердің ісі болуы мүмкін. Бірақ олар әдетте мынандай деңгейде ұйымдасқан түрде әрекет етпейді деген болжамын айтқан.        

Жүктелуде...