Құдай сақтасын! Алматыдағы күзетші мешіт ішінде 18 жастағы жігітті зорлаған

Құдай сақтасын! Алматыдағы күзетші мешіт ішінде 18 жастағы жігітті зорлаған

ашық дереккөзі

Жігіттің айтуынша, күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, жыныстық зорлық жасаған.   Алматының Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы адвокат Айман Омарова Facebook-те хабарлады деп жазады sputnik.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

"Мен Бостандық ауданының полиция басқармасында жүрмін. Біз есеңгіреп қалдық. Мұнда күзетші жыныстық зорлық көрсеткен бозбала мен оның анасы келді. Бұл жағдай Нұр-Мүбарак мешітінде болған. Жігіт 18 жаста, оның дамуында сәл-сәл кідіріс бар, алайда ол қабілетті және не болғанын бүге-шігесіне дейін айтып берді", - дейді Омарова.
Жас жігіттің айтуынша, "күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, ұзақ уақыт бойы ұстап, азғындық әрекетке барған. Ол мұны бірнеше рет жасаған, деді Омарова. Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл факт бойынша арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына 8 шілдеде түскенін хабарлады. "Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті 1975 жылы туған,  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр", - деді ПД. Күдікті бұл әрекеті үшін бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.    

Жүктелуде...