Жаңалықтар

Еурошенеунік Брюссельдегі қызметін ресейлік көліктер үшін қалай тастап кетті?

Еуроодақта қызмет істейтін шенеунік ресейлік ретро көліктер үшін карьерасын тастап кеткен.

Ханну Лаурикайнен фин елінің транспорт министрлігіндегі одан кейін Брюссельде жалғасын тапқан бас айналдыралық мансабынан бас тартып, бүгінде ескі ресейлік көліктерді жалға беретін бизнеспен айналысады. Siperian Hummeri Oy (Сібір жолтаңдамайтыны) фирмасы фин елінде кеңінен танылып, бүкіл БАҚ тарапынан қызу талқылануда. Оның гаражында бүгінде 8 Lada маркасымен шыққан көліктер бар. Фин елінің тіршілігімен қарағанда бағалары да қымбат емес екен. Сағатына 15-40 еуро аралығындағы сумма шығады. Лаурикайненнің айтуынша оның көліктерін жастар қызыға мінеді. Қанында карельдіктердің қаны бар деген оның аталары қазіргі Ресейдің Выборг қаласынан шыққан.

Келіссөз жүргізу барысында оның «шестерка» аталып кеткен «Жигулиін» мініп кеткен бизнесмен оны сатып алу туралы ойынан айнып қалып, оның көлігіне орысшалап, «кусок железа» деп бағалап кеткен.

Пандемия кезінде үйде отырып қалып әбден ойландым. Күні бойы кеңседе шалбардың артын тоздырып, қағаз кеміргенше сүйікті ісіммен айналысуды жөн көрдім – деген шенеунік басында ресторан ашуды көздеген. Кейін көшеден өтіп қалған ресейлік ретро көлікті көргенде тоқ соққандай кілт тоқтап, осындай шешім қабылдаған. Көліктерді Лаурикайнен Балтық бойы елдерінен сатып алады. Себебі, осы үш елде көлікті сатып алу және оны рәсімдеу әлдеқайда жеңіл әрі оңай көрінеді. Rg.ru материалының негізінде дайындаған newsroom.kz тілшісі