Түркияға саяхаттап баратын Қазақстан азаматтары үшін кіру ережесі өзгерді

Түркияға саяхаттап баратын Қазақстан азаматтары үшін кіру ережесі өзгерді

ашық дереккөзі

 width= Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрлігі мәлім етті. Министрліктің мәліметінше, енді соңғы алты ай ішінде коронавирустан жазылған және кемінде 14 күн бұрын екпе салдырған қазақстандық азаматтардан түрік елі ПТР сынамасын талап етпейді. Екі топтағы азаматтар да мұны медициналық мекемелерден алынған анықтамамен немесе вакцинация куәлігімен дәлелдеуі керек. Ал аталмыш топқа кірмейтіндерде 72 сағат ішінде алынған ПТР сынамасының теріс нәтижесі немесе 48 сағатта алынған антигендік сынама қорытындысы болуы қажет.

Пандемия уақытында ережелерге жиі өзгеріс еніп отыр. Сондықтан азаматтарымыз шетелге шығар алдында баратын мемлекеттердің кіру ережелеріне бір көз жүгіртіп алғандары абзал", - дейді Қазақстанның Анкарадағы консулы Бауыржан Әлжанов.
Айта кетейік, Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Непал, Пәкістан мен Шри-Ланкадан Түркияға келушілер 72 сағат ішінде алынған ПТР сынамасының теріс нәтижесінен бөлек, 14 күндік карантинде болуға міндетті. Сонымен қатар, Түркияға Ұлыбритания, Иран, Мысыр пен Сингапурдан келушілерден де ПТР сынамасы талап етіледі.

Жүктелуде...