«Таңбалы тастар жойылып барады»: экс-әкім Алматы облысындағы тарихи орынға зауыт салып алған

«Таңбалы тастар жойылып барады»: экс-әкім Алматы облысындағы тарихи орынға зауыт салып алған

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында петроглифтер жойылып барады. Арқарлы асуындағы жақпар тастардың қаншасы қирап, қиыршық тас шығаратын зауытта үгітіліп кеткені де белгісіз. Петроглифтер орналасқан жартасты жоталарды жердің қожайындары шиыршық тастан бөлек, жерге төсейтін тақтатас бизнесі үшін де пайдаланып келеді. Қиратылып жатқан Малайсары сілемдерінде таңбалы тарихи тастан небәрі үшеу ғана қалған. Жақпар тастарға Малайсары немесе Жоламан ауылдары арқылы жолсыз жоталармен 15 км жүріп жетуге болады. Көз жетпес жүздеген гектар тау сілемдерін үш үлкен компания осыдан 15 жыл бұрын жекешелендіріп бөліп алған. Тарихи тастардың қаншасы қиратылғанын қазіргі қожайындары да, әкімдіктегілер де білмейді.
«Бір петроглиф орналасқан тау Қайрат Кереев деген кәсіпкердің компаниясына тиесілі жерде тұр. 137 гектар жердің мемлекеттік актісі бар, 2006 жылы меншікке берілген. Қазіргі уақытта бұл аумақта жұмыс тоқтап тұр, ешқандай тас өңдеу жүргізіліп жатқан жоқ. Арғы жақта тағы екі таудың бөктерінде таңбалы тастардың орны анықталған. Ол жердің иесі басқа, екі төбедегі таңбалы тас «Архарлы тас» ЖШС жерінде тұр. Бір таңбалы тас Жоламан аулының аумағында, тағы екі тау Малайсары ауылдық округіне қарайды», - деді Кербұлақ ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы Тимур Матыбаев.
 />

<img src=Дереккөз: Azattyq Ryhy

Жүктелуде...