Түркі академиясының президенті «Білге Түрік» мәдениет қорының төрағасымен кездесті

Түркі академиясының президенті «Білге Түрік» мәдениет қорының төрағасымен кездесті

ашық дереккөзі

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі «Білге Түрік» мәдениет қорының басқарма төрағасы, экс-губернатор Гунгөр Азим Туна, Ыстамбұл университетінің профессоры Емек Үшенмез және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің докторанты Сайпулла Моллақанағатұлымен кездесті.Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Халықаралық Түркі академиясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  Түркі академиясына арнайы келген мәртебелі меймандар алдымен Түркі музейін тамашалап, Түркі кітапханасы қорымен танысты.  width= Академия президенті Дархан Қыдырәлімен кездесу барысында тараптар алдағы уақытта бірлесіп атқаратын ортақ жобаларды талқылап, көне қолжазбаларға қатысты зерттеулер бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде Академия басшысы  оларға көне түркі тіліндегі Құран кітабының жарық көруіне атсалысқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркі академиясы жарыққа шығарған бағалы басылымдарды сыйға тартты.  width= Кездесу соңында «Білге Түрік» мәдениет қорының басқарма төрағасы Гунгөр Азим Туна Түркістан қаласында көне түркі тіліндегі Құран кітабын таныстыру рәсімінің жоғарғы деңгейде өткендігіне  зор алғысын айтып, «Білге Түрік» мәдениет қоры басып шығарған еңбектерді Академия кітапханасына тарту етті.  width= Айта кету керек,  28 мамырда Халықаралық Түркі академиясы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция өткізді. Аталған шара барысында Қарахан мемлекеті дәуірінде (Х ғасыр) көне түркі тіліне аударылған алғашқы Құран кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды.  width=

Жүктелуде...