Болашақтың көлігі- «Тесланың» Түркістанға келетіні рас па?

Болашақтың көлігі- «Тесланың» Түркістанға келетіні рас па?

ашық дереккөзі

 width= Түркістандық тұрғындар жаппай «Тесла» тақымдап кетсе таң қалмаңыз. Илон Маск заманауи көліктерін Қазақстанда шығаруды жоспарлап жүр екен. Отандық автомобиль өнеркәсібінде жаңа бренд пайда болуы мүмкін. Әлемдегі ең дәулетті милилардер Илон Маск электронды қозғалтқышпен жүретін көліктерін Қазақстанда құрастыруы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол Ресейде өткен форумда мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алайда ол бұл ниетін нақтылаған жоқ. Тек мүмкін екендігін ғана атап өтті. Дегенмен біздің ел электромобиль өндірісінің Қазақстанға келуіне мүдделі. Әсіресе Түркістан қаласының әкімі. Ол Илон Маскқа үндеу тастап, әйгілі көліктерін киелі өлкеде құрастыруға барлық мүмкіндік пен әлеует бар екенін алға тартқан. Бірақ дәл осы ақпарат әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түсіп, керек десеңіз келемежге айналды. Неге? Мұндай пікірін өнертапқыш Ресейде өткен марафондық шаралардың бірінде білдірді. Әлбетте компания басшысының бұл шешімі біздің  елдегі экологиялық һәм экономикалық та ахуалды жақсартары сөзсіз. Десе де, қазақстандықтарға бұдан бұрын мәселенің басқа қыры қызық көрінеді.

«Ондай деңгейдегі адамнан әкім я басқасы қандай адам ақша талап ете алады? Ете алмайды. Ал біздің халық соған дайын ба?Әрине дайын! Біздің қанша ұл қыздарымыз әлемдік деңгейдегі олимпиадалардан жүлдегер болып келді. Оның  барлығы не деген сөз! Оның барлығы біздің елде потенциал бар деген сөз!», деді Талғат Омаров, қоғам белсендісі.
Электромобильді Қазақстанға шығаруға жастардың  потенциалы жетер-жетпесін уақыт көрсетер. Есесіне, Түркістан қаласы әкімінің потенциалы бар екенін аңғардық! Бізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар деген  әкім Аюповтың пайымынша Тесла үшін Түркістан таптырмас мекен.
«Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында Байқоңыр ғарыш айлағы маңында болу керек. Бізде менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Қала Жібек жолы өтетін жерде орналасқан. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Тесла үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік!», деді  Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
Десе де, Марсты айтпағанда Масктың басқа шаруалары да шаш етектен. Соңғы жылдары ол кедейленіп барады. Тесланың акциялары әлемдік биржада құлап, өнертапқыш 20 миллиард долларын жоғалтты. https://www.youtube.com/watch?v=Eoc6h86PjPc&list=PL_blKZJ1z0cBEU6-Gm9_kbbojSy0YzSfo&index=6    

Жүктелуде...