Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 29 мамыр күні сағат 00:30-да іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның денесі табылды. Ол 1999 жылы туған, тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды» делінген хабарламада.
Жігіттердің денесі «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді. Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жердегі іздестіруді құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары жүргізуде. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ екі борты жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталатын болады.  

Жүктелуде...