Жын кірген: Атырауда биіктен секіріп өлген қыз тілдей хат жазып кетіпті

Жын кірген: Атырауда биіктен секіріп өлген қыз тілдей хат жазып кетіпті

ашық дереккөзі

 width= Атырауда 18 жасар бойжеткен сегізінші қабаттан секіріп мерт болды. Қыршынынан қиылған қыз өлер алдында тілдей хат жазып кеткен. Асығыс жазылған хатта тылсым дауыстардың о дүниелік болған әжесіне асықтырғаны айтылыпты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  KTK телеарнасына сілтеме жасап.   Бағдәулет Өміртаев, Атырау қаласының тұрғыны: Подьезде есік кейде ашық тұрады. Сол арқылы кірді деп ойлаймын. Ол қыз біздің үйде де тұрмайды. Хатта да жазып кеткен, көрген боларсыздар? Ішіме бірдеңе кірді деген секілді. Ол енді белгілі нәрсе ғой, жын кірген немесе психологиялық ауытқу. Бойжеткен секіріп кеткен 16 қабатты үй Атыраудағы ең биік нысан. Ол қаладағы ескі қасапхананың орнына салынған. Сегізінші қабаттан секірген қыз асфальтқа басымен құлаған. Қайғылы оқиға болған жерде қан ізі әлі жатыр. Мұндай жантүршігетін оқиға соңғы екі аптада Алмагүл ықшамауданында екінші рет боп отыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Бұған дейін де 15 мамыр күні дәл осы ықшамауданның №10 үйінің тоғызыншы қабатынан әйел секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Ол іс бойынша да ҚК 105-бабымен тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жүктелуде...