Вакцинациядан кейін ауырған алматылық әйел ауруханаға жеткізілді. ДСМ видеоға түсініктеме берді

Вакцинациядан кейін ауырған алматылық әйел ауруханаға жеткізілді. ДСМ видеоға түсініктеме берді

ашық дереккөзі

 width= Алматы тұрғыны вакцинациядан кейін тырыспасы ұстап, ауруханаға жеткізілді. Видеоға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Baigenews.kz- ке сілтеме жасап.  Әлеуметтік желілерде қыз бала коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін Алматының бір ауруханасында ауыр жағдайда жатыр деген видео пайда болды.

3-ші рет қайталанып жатыр. Ковидтен сақтайды, иммунитет дегені осы ма? Бет аузы, аяқ-қолы барлығы тырысып, жүрегі тарсылдап жатыр. Вакцина алу өз еркі дейді, бірақ алмасаң жұмыстан шық деп заставить етеді !Адам өмірі оңай болып қалған ба? Шақырған скорый 30 мин-та арең келеді, деген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қыз бір ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған.
"Ол вакцинаның алғашқы дозасын сәуір айының соңында алды. Екінші компонент алынған жоқ. Жедел жәрдем вакцинациядан бір айдан кейін шақырылды", - деп түсіндірді департамент.
https://www.instagram.com/p/CPVPutOnF41/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=loading

Жүктелуде...