Әр балаға  230 мың теңге    

Әр балаға  230 мың теңге    

ашық дереккөзі

 width=  Әр балаға  230 мың теңге. Қазақстан халық партиясының Мәжілістегі фракциясы балаларға арналған жаңа жәрдемақыны енгізуді ұсынды. Үкіметке ресми сауал жолдаған депутаттардың сөзінше, осыған дейінгі барлық жәрдемақы түрлерін қысқартып, соның орнына 18 жасқа дейінгі әрбір балаға орташа жалақыдан берілуі керек. Тиісінше, осы қаражат бала мен ананың шығындарын өтеуі қажет. Бұдан бөлек, фракция депутаттары бала күтімінің мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айжан ЫСҚАҚОВА  ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бүгінде жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша төленетін ай сайынғы жәрдемақы бір бала үшін 16 802 теңге, екінші балаға  19 865 теңге, үшінші балаға  22 898 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 25 961 теңгені құрайды. Сонда күніне бір балаға 560-865 теңге шығады. Анасына ештеңе төленбейді. Ал сотталған бір адамның тамағына күніне 1018 теңге жұмсалады».
 Мәжіліс қабырғасында сондай-ақ, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баспана алу жеңілдейтіні айтылды. Тиісті заң жобасын төменгі палата алғашқы оқылымда мақұлдады. Осыған дейін мұндай санаттағы азаматтар баспана кезегінде 10 жылға дейін ғана тұратын. Жаңа заңға сәйкес, енді бала кәмелетке толғаннан кейін де 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады.
Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «Заң жобасында мүгедек баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді. Қазіргі уақытт мүгедек баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілген».
Министр хабарлағандай, енді елімізде жәрдемақының жаңа түрі пайда болды. Мәжілісте қабылданған құжатқа сәйкес, қаржылай қолдау 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды бағып-қағып отырған азаматтарға тиесілі. Бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі айырықша көмекке мұқтаж. Яғни өз бетімен жүрмек түгелі қозғала да, тамақ іше де алмайды. Осылайша, заңға сәйкес, күтім жасау жәрдемақысымен қосымша 24 мың адам қамтылмақ. Сондай-ақ, министрдің сөзінше, барлық топтағы мүгедектігі бар балалардың жәрдемақысын өсіру жоспарланып екен.
Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және тыныс-тіршілік әрекетінің шектелуін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар ауруының дәрежесіне қарай оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады».
https://youtu.be/LtHfMu53FyI?t=52

Жүктелуде...