Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен

Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен

ашық дереккөзі

 width= Оралда көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен. 25 мамыр күні сағат 22.00-де 102 телефонына көпқабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал туындап жатқаны жөнінде хабар түскен. «Патрульдік жасақ оқиға орнына келгеннен кейін жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тыйылды. Алдын ала мәлімет бойынша бірнеше адамның дене жарақатын алғаны белгілі болды. Алдымен балалар өзара сөзге келген. Содан кейін ата-аналар кірісіп, ұрыс-керіс жұдырық жұмсауға ұласқан. Жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралуда. Толық ақпарат кейін берілетін болады», деп хабарлады ведомстводан.  

Жүктелуде...