Жаңалықтар

Желіде Елбасының итімен серуендеп жүрген суреті жарияланды

 width= Әлеуметтік желілердің бірінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың итімен бірге серуендеп жүрген фотосуреті жарияланды.
«Егер адамдардың бәрі ауласына тал ексе, қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызылса, біз «жасыл» елге айналамыз. Жасыл желек – елді мекендердің «өкпесі», таза ауа, жанға сая. Біз оны болашақ ұрпақ үшін өсіреміз...», - деп жазылған Елбасының instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Сурет астына қойылған хэштегтен суреттің Нұр-Сұлтан қаласында түсірілгенін білуге болады.