Бейсен Тәжібаев: Түркістан ұлы істердің ұйытқысына айналды

Бейсен Тәжібаев: Түркістан ұлы істердің ұйытқысына айналды

ашық дереккөзі

 /></div>
<div class= Бейсен ТӘЖІБАЕВ,  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:  Бүгінде Түркістан қаласы алып құрылыс алаңына айналды. Қаланың даму қарқыны тоқсаныншы жылдардың соңындағы елорданың құрылыс барысын елестетеді. Көнеден сыр тартқан шаһардың тыныс-тіршілігіне терең бойлау үшін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық ­филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan»  фракциясының жетек­шісі Бейсен Тәжібаевпен сұхбаттасқан едік. – Түркі әлемінің рухани астанасы атанған ­Түр­кістанды бала күніңізден біліп, танып өстіңіз ғой. Бұл өңірдің рухани, мәдени діңгегі не деп санайсыз? – Әрбір қазақ баласы үшін Түркістанның орны ерекше. Бұл шаһар XVI ғасырдан бастап Қазақ хандығының астанасы болды. Екі ғасырдан астам уақыт бойы қазақ тарихындағы тағдырлы шешімдер осында қабылданған. Алаш баласы текті ұлдарын киелі шаһарда хан көтерген. Қаланың рухани және мәдени діңгегі – оның тарихының тым тереңдігінде, осында ұлттық болмысымыз бен дәстүріміздің сақталуында деп білемін. Біздің ұлы хандарымыз бен батырларымыз, билеріміз, қайраткерлеріміз шаһарда өмір сүріп, азаттығымыздың іргетасын қалаған. Екіншіден, осы аумақтағы Қожа Амет Ясауи, әл-Фараби бабаларымыз ғылым мен білім шамын жағып, күллі Орта Азияға жол сілтеген. Тарихымыз да, дініміз де, болмысымыз да, ұлтты біріктіретін қуатымыз да осы шаһармен біте қайнаған ұғымға айналды десек, қателеспейміз. Түркістан туралы тарихи дерек көп. Бүгінде Күлтөбе қорғаны маңындағы археологиялық жұмыстар қаланың тарихы өте тереңде екенін дәлелдеп жатыр. Профессор Жамбыл Артықбаев зерттеу мақаласында Ташкент, Ходжант, Қашқар, Табат және өзге де қалалардың Түркістан билігіне бағынғанын сөз етеді. Түркістан аймағында қалалық өркениет неолит дәуірінде пайда болған шағын қоныстардан басталатынын, қазір Түркістан кішкене қала болғанымен, ертеде үлкен қалалық аймақтың орталығы, Тұран өркениетінің алтын бесігіне айналғанына тоқталған. Бірнеше ғасырдың куәгері – Қожа Ахмет ­Ясауи кесенесі талай сыр мен шежірені бүгіп жатыр. Қолбасшы Әмір Темірдің ұлы ғұлама, дін қай­раткері Қожа Ахмет Ясауи бабаға кесене тұрғызып, Түр­кістанға тәу етуінде бір тылсым сыр мен үлкен мән бар секілді. Қытай үшін Конфуций қандай қас­терлі болса, Алаш жұрты үшін Ясауидің жөні бөлек. Түркістанда қазақтың 21 ханы, 56 батыры, 21 биі мен 8 сұлтаны және өзге де қайраткерлері мен тарихи тұлғалары мәңгі мекенін тапқан. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да он екі тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер анықталды. «Түркістанды түмен бап жатқан киелі қабірстан» деп атайтыны да сондықтан. Түркістан – өткеніміз бен бүгінімізді, болашағымызды жалғап тұрған алтын көпір секілді.  />

<strong>– «Екі дүние есігі, көк түріктің бесігі» болған Түркістанның бүгінгі мың бояулы келбеті күллі түрік баласын біріктіре ала ма? Шаһардың мәдени-тарихи, рухани келбетіне реңк беретін, тамырын те­реңдете түсетін ғылыми-зерттеу жұмыстары, сол жұ­мыстарды көрсететін орындар жергілікті халық пен қала қонақтарының сұранысы мен қажеттілігіне сай ма?</strong>

– 2018 жылдың 19 маусымы күні Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, облыс орталығы ретінде Түркістан қаласы таңдалып алынған еді. Талай ғасырды артқа салып, Түркістан тарихи мәртебесін қайта иеленді. Жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл өңірдің жандануына ғана емес, ұлтымыздың қанаттануына, уақыт атты ұлы көштен қалмай, рухтануына айрықша жол ашты. Елбасының: «Түркістан тарихы – күллі қазақтың тарихы. Сондықтан қасиетті қалаға деген мақтаныш сезімі әр қазақтың жүрегінде ұялаған. Түркістан бізге ғана емес, Түркі жұртына ортақ қасиетті мекен» деген сөзі қасиетті бабаларымыздың рухы қонған, кешегі тарлан тарихтың тамырлы ордасы Түркістанның тың серпін алып, түлеуіне түрткі болды.

Тұңғыш Президентіміздің Түркістанды дамытуға деген жоспары тереңде жатыр. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жылы Әзірет Сұлтан кесенесіне арнайы келіп, оның жай-күйімен танысады. Тұңғыш Президентіміз еліміз тәуелсіздік ала салысымен Түркістанда 1991 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің негізін қалады. Түркиядан инвестиция тартуға, еліміздің түкпір-түкпірінен профессор-оқытушылар мен студенттердің келуіне мұрындық болды. Қазір сол лекпен келген азаматтар шаһардың дамуына үлес қосып жатыр. Сонымен бірге түркі мемлекеттерінің президенттерімен Түркістанда кездесуінің өзі осы шаһардың мәртебесін арттыруға деген қадам екені анық.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ­Мемлекет басшысы ретіндегі ең алғашқы жұмыс ­сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. «Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары» деді Президентіміз. Мемлекет басшысы осы қадамы арқылы Қазақ тарихындағы іргелі істерді Түркістаннан бастау дәстүрге айналғанын көрсетіп берді.

2018 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата ку­рорттық аймағында өткен Түркі тілдес мемле­кеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммитінде Елбасы бауырлас мемлекеттердің басшыларына Түркістанның облыс орталығы болғанын жеткізді. Түркістан төрінде мағыналы іс-шаралар өткізіп, рухани-мәдени байланыстарды нығайтуды сөз қылды. Міне, Елбасының сол бастамасы негізінде 2021 жылғы 31 наурызында бейнеконференция арқылы «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтті. Түркі мемлекеттерінің Президенттері қатысып, «Түркістан декларациясын» қабылдады, қала түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы атанды. Яғни, сіз сөз еткен түркі интеграциясын жүзеге асыру бағытында Түркістанда нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

<img src=Қарагөз Сімәділ

Дереккөз: Ana Tili 

 

Жүктелуде...