Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

 width=
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Бүгін «Геолог емханасына» барып, коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Дәрігерлеріміз алдымен тіркеуден өткізіп, дене қызуым мен қан қысымымды өлшеуден бастап толық медициналық тексеру жасады. Одан кейін ғана Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған "Спутник-V" вакцинасын салдырттым.

Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді, деп жазады облыс әкімі.