Мақтаралдағы екі ауыл түгелдей басқа жерге көшірілуі мүмкін

Мақтаралдағы екі ауыл түгелдей басқа жерге көшірілуі мүмкін

ашық дереккөзі

Су шайған Мақтарал ауданындағы Жеңіс және Жаңатұрмыс ауылдарын басқа орынға көшірілу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Мұны тұрғындар сұрады. Әкімдіктің ұсынысы да болды. Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарын басқа жерге көшіру мәселесі қаралып жатыр. Бұл ауылдар ең төмен жақта орналасқандықтан, алғаш болып су тасқыны зардабын тартқандар да сол ауылдар. Сол елді мекендердегі барлық үйді басқа жерге көшіруге қазір учаске іздеп жатырмыз. Облыс әкімі мен мемлекеттік комиссия шешімін күтудеміз», - деді С.Қалқаманов Facebook парақшасында жүргізген тікелей эфирде. Еске салайық, 6 127 тұрғыны бар 5 елді мекен - Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары толығымен су астында қалған. 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланды.

Жүктелуде...