Телефонға телмірген балалар семіздікке шалдығуда

Телефонға телмірген балалар семіздікке шалдығуда

ашық дереккөзі

 width= Үйіңіздегі ұл-қызыңыз телефонға ұзақ телміріп, қимылсыз жататынын көріп жүрген шығарсыз?! Онда дереу балаңыздың күн тәртібін қолға алыңыз! Себебі гаджетке үңілген ұрпағыңыз семіздікке шалынып, оның арты түрлі ауруға әкеп соғуы мүмкін. Мамандар қазірдің өзінде артық салмағы бар балалардың көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Деректерге жүгінсек, балалардың 25 пайызы күнін тәттіден бастайды екен. Қысқасы, кәдімгі газды сусын, шоколадсыз ас батпайды, дейді мамандар.

Жәмиля САДЫҚОВА, қоғам белсендісі: Елімізде балалардың  20 пайызы артық салмағы бар. Ал 5 пайызы  семіздікке шалдыққан, және ол дертпен күресуде. Бұл дегеніңіз  олар  болашақта диабетиктердің қатарын толтырады деген сөз. Қазірдің өзінде диабетиктердің саны - 400 мың. Оның 16 мыңына ампутация жасайды.  Бұл сандар жаға ұстатады».
ЮНИСЕФ  жүргізген зерттеуі нәтижесіне сәйкес, елімізде 3-4-ші сыныпта оқитын  балалардың 77,5%-і  қалыпты салмаққа ие,  19,1%-де артық салмақ бар,  оның арасында 6,5%-ы ұлдар және 5% -ы қыздар, 1,1%-ы семіздікке шалдыққан. "Бұлардың көбі тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар" дейді сарапшылар. Диетологтар балаңыз ауыр дертке шалдықпау үшін негізгі қағидаларды ұстану керек деген пікірде.  Атап айтқанда, 15 жасқа дейінгі жеткіншек күніне 5-6 мың шақырым жаяу жүруі тиіс.  Сонымен қатар, кешкі 22-00-де ұйықтау керек.  Ал тәттіні қатты қалайтын балаға тек 30 граммнан аспайтын шоколад берген дұрыс.  Артық берсеңіз, кесірі балаңызға тиеді!
Арай ӘМРЕ, диетолог Қарапайым қағидадан басталады. Онлайн заман, техниканың заманы болғандықтан телефонды бүкірейіп қарап отырады. Омыртқаның бұзылу салдарынан қалқанша безін жұмыс дұрыс жасамайды. Артық салмақтың себебі, өзгергеннен кейін қант диабеті жоғарлайды».
Жаға ұстатарлық статистика дабыл қағуға мәжбүрлейді. Мәселен, Денсаулық сақтау ұйымының дерегінше,   семіздікпен күреспесек 2025 жылға қарай мектепке дейінгі жастағы семіз балалар саны 70 млн жетеді.  Ал Қазақстанда балалар арасында артық салмақ бұдан 40 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10 есеге артқан.

Жүктелуде...