Бірнеше елде Рамазан уақыты шегерілді
11 сәуір, жексенбіде Сауд Арабиясының Жоғарғы соты бұл күні жаңа айдың туғанын ешкім көре алмаған соң Парсы шығанағы елдеріндегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын белгіледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігі таратқан сот хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
"Жаңа жарты айдың пайда болуын байқау мүмкін емес болғандықтан сот Рамазан айының басталуы туралы шешім қабылдау үшін ертең кешке жиналады", - делінген хабарламада.
Дегенмен, дүйсенбіде ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де басталмайды. Сауд Арабиясының бұл мәселедегі пікірін көптеген басқа араб елі ұстанады, дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен теологтарының есебіне сүйенеді.