Динара Әлімбекова - Беларусьтағы қазақ биатлоншы

Динара Әлімбекова - Беларусьтағы қазақ биатлоншы

ашық дереккөзі

 width= Беларусьтағы қазақ биатлоншысы жайында естуіңіз бар ма? Қазақтың қызы Динара Әлімбекова әйелдер эстафетасында 2018 жылғы Олимпиада чемпионы, Беларусь ұлттық құрамасындағы Әлем кубогының қатысушысы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2019 жылы аралас эстафетадан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 1996 жылы Қарағанды облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі қазақ, анасы беллорусь, Евгений деген інісі мен Ульяна деген сіңілісі бар. Динараның үш жасында отбасы Беларуссияға көшіп барады.  width= Содан Чаусыдағы балалар спорт мектебінде спортпен шұғылдана бастады. Ең алғаш рет шаңғы спортымен айналысты, 2008 жылдан бастап биатлонмен шұғылдана бастады. Бала кезеңінен бастап Шипикова Мария Ивановна жаттықтырушы болса, жасөспірім кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі жеке бапкері - Иванов Андрей Олегович. Жасөспірімдер арасындағы ұлттық деңгейдегі жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанды: - 2008 жылы - «Снежный снайпер» республикалық сайысы; - 2009 жылы - шаңғы тебу бойынша Беларуссия чемпионаты; - 2010 жылы - халықаралық деңгейде ұйымдастырылған В. Кириенко мен А.Богалий-Титовецтің жүлделі жарыстарының жеңімпазы; - 2011 жылы - жазғы биатлон бойынша жүлдегер. - 2011 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысады. Ол 15 жаста ғана болса да 2011 жылы Ново Место-на-Моравада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 19 жас аралығындағы спортшыларсанаты бойынша қатысып, спринтте 21-ші орын, ал жарыста 35-орын, 21 жастағы спортшылар санаты бойынша әйелдер эстафетасына қатысты, Беларусь құрамасы он бірінші орынды қанағат тұтты.  width= * 2012 жылы Контиолахтиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ол спринтте сегізінші, гонкамен жарыста оныншы, жеке жарыста он тоғызыншы және эстафетада тоғызыншы орынды иеленді. - 2014 жылы ол Моста-на-Моравада өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысты, бірақ өзінен үш жас үлкен спортшылармен бәсекеге түсіп, жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады. - 2015 жылы Беларуссияның Раубичи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алимбекова Анна Сола мен Дарья Блашкомен бірге әйелдер эстафетасында алтын медаль жеңіп алды. Жеке жарыстарда Динара спринтте төртінші, гонкамен жарыста 12-ші және жеке жарыста 27-ші орын алды.  width= - 2016 жылы ол жарақаттан кейін кіші жарыстарда өнер көрсетті және жақсы нәтиже көрсете алмады. Кейла Градстейндегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алимбекова спринт бойынша ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Поклюкадағы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында 11-ші орын алды. - Спринтте күміс және 2017 жылы Чайковскийде (Ресей) өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы биатлоннан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017—2018 жылдары 24 балл жинап 74–ші орынды иемденді. Олимпиада ойындарындағы эстафетадағы жеңістің нәтижесінде 2018жылы биатлоннан ең жас Олимпиада чемпионы атанды. Алайда ол бұған дейін Әлем Кубогының кезеңдерінде жеңімпаз болған емес.

Жүктелуде...