Шетелдік БАҚ Ким Чен Ынның қайтыс болғанын хабарлады

Шетелдік БАҚ Ким Чен Ынның қайтыс болғанын хабарлады

ашық дереккөзі

Америкалық New York Post басылымы 25 сәуірде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын жазды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Газет гонконгтік БАҚ-қа сілтеме жасаған. Ал гонконгтік басылым бұл ақпаратты "жағдайға жағын дереккөзден" білгенін жазған.

Сондай-ақ, басылым аты аталмаған жапон журналына сілтеме жасап, Ким Чен Ын айдың басында жүрегіне операция жасалғаннан кейін "вегетатив күйде" жатқанын хабарлаған.
Мақалада "Бейжіңде жоғары деңгейдегі партиялық ақпарат көздерінен" расталмаған хабарламалар келтірілген, оған сәйкес КХДР басшысының жүрегіне жасалған операция сәтсіз аяқталған, өйткені сол кезде хирургтің қолдары толқығаннан қатты дірілдеген. Ким Чен Ынның жағдайы туралы ресми хабарлама жоқ. Ол халық алдына екі аптадан бері шықпады.

Жүктелуде...