Жаңалықтар

Арман Қырықбаев: «Birgemiz» Қоры мұқтаж жандарға көмектесудің екінші кезеңін бастайды

Бүгін «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары, «Birgemiz» Қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек қасиетті Рамазан айының басталуымен жұртшылықты құттықтап, жағымды жаңалықпен бөлісті - деп жазды «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев өзінің фейсбук парақшасында.

⠀ Дүйсенбіден, яғни 27 сәуірден «Birgemiz» Қоры тарапынан мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталмақ! ⠀ Айтылғандай, мүлдем көмек алмаған 210 мыңнан астам мұқтаж отбасы қамтылып, оларға 50 мың теңгеден аударылатын болады. ⠀ Осылайша «2-кезең неге басталмай жатыр?», «Тезірек басталса екен» деген отбасылардың тілегі орындалды. ⠀ Сонымен бірге азық-түлік себеті мен атаулы көмек көрсету де өз жалғасын табады. Қасиетті айда қиналғанға демеу, жабыққанға жебеу болатын қайырымды жандар қатары арта түсетініне сенімдіміз. ⠀ Жаратқан елімізге жар болсын!