Қыз тағдырын өзгерткен бір суреттің тарихы

Қыз тағдырын өзгерткен бір суреттің тарихы

ашық дереккөзі

Бұл оқиға 20 жыл бұрын болған. Қызмет бабымен Сомали жеріне барған жігіт кішкентай қызды асырап алған. Бүгін біз бір сурет қалайша екеуінің тағдырын өзгерткені жайлы әңгілемейміз. Джон Кэри атты фотограф АҚШ-тан Африкаға сапар шеккен. Дүниежүзін саяхаттап жүретін оның жолы Африкадағы Сомалиге түседі. Осылайша ол ерекше туындыларын сату арқылы табыс табады. Сомали мемлекеті аштық пен кедейлік бірге өмір сүретін елдердің бірі. Джон кездейсоқ кішкентай қыз баланы суретке түсіріп алады. Сурет керемет шыққандықтан фотограф ата-анасына естелікке қалдырмақшы болады. Алайда жергілікті тұрғындар қыздың ата-анасының жоқ екенін айтады. Ұзақ уақыттан бері әке-шешесі із-түссіз жоғалған қыз бала, жалғыз өзі күнелтеді екен. Мұны естіген американдық фотограф кішкентай бүлдіршінді тастап кетуге батылы жетпейді. Сөйтіп ол қызды асырап алмаққа ниеттенеді. Құжаттар дайындау ұзақ уақытты алғанымен, Джон барлығын орындайды. Осыдан кейін екі жанның тағдыры өзгереді. Бүлдіршін аштықтан қаза болып немесе жабайы аңдардың жемтігіне айналуы әбден мүмкін еді. Сүйкімді сәбиге мейірімі түскен фотограф қара нәсілді қызға әке болады. Бүгінде көзі жәутеңдеген жапан даладағы қыз ақылды, әрі көрікті болып бой жеткен. Осылайша екеуінің тағдырын бір сурет өзгерткен екен. Жүректегі мейірім мен ізгілік адамдарды талай ерлікке жетелейтінін дәлелдегендей.

Жүктелуде...