Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-і Сайрам аудандық филиалының жанынан құрылған Журналистер клубының мүшесі Әділхан Төлегенов көпэтносты аудан тұрғындарын ынтымақтық пен бірлікке шақырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Біздің мемлекетіміз құшағы кең, бауырына бірнеше ұлттар мен ұлыстарды сыйғызып отыр. Мемлекетіміз дамыған елдердің қатарында, әлемдік аренада өзіндік орны да бар. Бұл – еліміздегі ұлттардың бірлікте өмір сүруінің арқасы», – дейді ол.
Жүктелуде...