Төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдер бойынша қандай санаттағы тұлғаларға көмек көрсетілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласының энергия тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев кеңірек түсіндіріп берді.
Осы ережеге сәйкес, өтініш білдіргендердің келесі санаты бойынша жеке шоты бар адамдарға көмек беріледі: - 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектер; - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; - көп балалы отбасылар; - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; - ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер; - атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер. "Аталмыш санаттағы тұлғалардың тізімі дайын. Өйткені, Алматыда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 62 455 адам бар, олардың 22 мыңға жуығында жеке есеп шот бар", - деді Әсет Масабаев. Мемлекет сәуір және мамыр айлары үшін 15 мың теңгеден коммуналдық қызмет ақысын төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпауға болады. Өйткені, барлық өтініштер мамыр айымен қоса қабылданады. Тізімге енгізілген барлық тұтынушылар көмек алуға құқылы. "Шығындарды өтеу ережесіне сәйкес тұтынушылар ЖСН, әлеуметтік мәртебе және жеке шот мәліметтерімен өтінім беруі тиіс", - деп атап өтті спикер. ХӘОТ мәртебесі расталған жағдайда Энергиятиімділік басқармасы ақшаны "Алсеко" АҚ ұсынған деректерге сәйкес жеткізушілердің есеп айырысу шоттарына аударады, олар өз кезегінде, есепті коммуналдық қызметтердің көлеміне пропорционал түрде жүргізеді. Бұдан бөлек, тұтынушы коммуналдық қызметтерді төлеген жағдайда, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртекте 15 мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші қалған төлемді келесі кезеңге есептейді және тұтынушыны бұл туралы хабардар етеді. Өнім беруші тұтынушыларға төлем ұсынған кезде, төлем туралы түбіртекте коммуналдық қызметтердің бір бөлігін мемлекет өтегенін көрсетеді. Әр ай үшін 15 мың теңгн төлем коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына тікелей жүргізіледі. "Көмек жоғарыда аталған санаттарға жататын, өз атына коммуналдық қызмет көрсетушімен жасалған келісім-шарты бар және карантин енгізілген елді мекенде тұратын адамдарға көрсетіледі. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу тәртібі 18 сәуірде бекітілді және қазіргі уақытта әкімдіктер call-орталықтар мен өтінімдерді қабылдау бойынша ақпараттық ресурстарды құру бойынша жедел шаралар қабылдап жатыр, - деп түсіндірді спикер. Айта кетейік, Тұрғын үй заңының 2-бабына сәйкес коммуналдық төлемдер - су, жылу, газ, электр энергиясы, қоқыс шығару және лифт үшін төленеді. Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретіндегі көмекті алу үшін тұтынушы өзінің ХӘОТ мәртебесін жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласып, растауы қажет.: +7 (727) 339-50-15; +7 (727) 341-07-77. Сall-орталықтар жұмысын сәрсенбіден бастайды. ХӘОТ мәртебесі расталмаған жағдайда тұтынушы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жүгіне алады.
Жүктелуде...