COV-19 жазуы түсірілген видео: Коронавирус 5G сигналдары арқылы тарала ма?

COV-19 жазуы түсірілген видео: Коронавирус 5G сигналдары арқылы тарала ма?

ашық дереккөзі

 width= Желіде форма киген белгісіз ер адамның 5G-таратқышына арналған монтаждау тақтасын көрсеткен видеосы тарап жатыр. Құрылғыда COV-19 жазуы анық көрінеді. Видеоны түсірушінің айтуынша, бұл коронавирус инфекциясының 5G сигналдары арқылы таралатынын дәлелдейді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ видеода автор көрсеткен бөлшектің SCART коннекторы бар екенін байқауға болады, ол теледидар мен басқа видеоқұрылғыға, мысалы бейнемагнитофонға немесе DVD ойнатқышқа қосылу үшін пайдаланылады. Қазір коннекторлардың бұл түрлері ескі болып саналады. Олардың орнына HDMI порттары кеңінен қолданылады.

«Бұл COV-19 таңбалары жазылған ешқандай компоненттері болмаған өте ескі теледидардың тіркемесінен алынған. Оның мобильді интернет-желілеріне, сондай-ақ 5G қолдануға еш қатысы жоқ», – деді Virgin Media компаниясының өкілі Саймон Дорнан Associated Press-ке жазған хатында.
Автордың 5G желілерінің қауіпі туралы басқа мәлімдемелеріне де еш негіз жоқ екені айтылды.

Жүктелуде...