Анасы ішімдік ішкен: балалары түн ортасында далада қалды

Анасы ішімдік ішкен: балалары түн ортасында далада қалды

ашық дереккөзі

 width=

Павлодарлық полицейлер түнде анасын іздеп шыққан екі кішкентай баланы құтқарды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі уақытта Павлодар полициясына әйел қоңырау шалып, екі және жеті жасар жиені жоғалғанын хабарлаған. Өздері іздеп таба алмаған. Қыздар күндіз сыртқа шығып кетіп, содан оралмапты.

Балаларды іздеуге Павлодардың полиция гарнизоны жұмылдырылды. Біраз уақыттан кейін балаларды патрульдік полиция батальонының инспекторлары тапты.

"Қыздар табылған кезде қатты қарны ашқанын және тоңып қалғанын айтқан", - деді ювеналді полицияның аға инспекторы Руслан Сүлейменов.  

Тәртіп сақшылары балаларды тамақтандырып, тыныштандырды. Олармен әңгімелесу кезінде қыздардың анасы балаларын жалғыз қалдырып, үйден кетіп қалғаны анықталды. Есік ашық қалғандықтан қыздар далаға өздері шыққан. Айтуларынша, олар анасын тапқысы келген.

Бірақ қамсыз ата-ананы полиция қызметкерлерінің өзі әрең тапты. Ол қаланың басқа шетінде таныстарымен бірге ішімдік ішкен.

Жүктелуде...