Телеарналар мен радиохабар тарату бір күнге тоқтатылмақ

Телеарналар мен радиохабар тарату бір күнге тоқтатылмақ

ашық дереккөзі

 width=

19 қарашада Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  "Қазтелерадио" АҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

"2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Жүктелуде...