Елордада карантин режимінің сақталуына байланысты қатаң тексерістер өз жалғасын табуда,- деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі қаланың Полиция департаментіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметі өкілінің мәліметінше, рейд кезінде мобильді топ түнгі сағат 23.40-та ВНВ (БХБ) түнгі клубына барған. Полицейлер келген уақытта мекемеде 500-ге жуық адам болған.
ZOLOTO және Korean hausе мейрамханаларын тексеру барысында және ICON клубында карантинді бұзу деректері анықталды."Бұл элиталық мекемелердің барлығы шектеу және карантин шараларын, сондай-ақ жұмыс пен демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесі бар санитарлық-профилактикалық шараларды бұзғаны анық. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар санитар дәрігерлерге шешім қабылдау үшін жіберілді", - деп мәлімдеді құзырлы органдар.Бір тәулік ішінде мобильді топ 313 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, 46 карантин режимін бұзу дерегін анықтады.
"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындар мен мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды сақтау керегін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.