50 порносайт анықталып, бұғатталды

50 порносайт анықталып, бұғатталды

ашық дереккөзі

 width= Шымкент полициясы 50 порносайт анықтады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 27-28 қазан аралығында Шымкентте ақпараттық технологиялар саласындағы тәртіпбұзушылықтарды тиімді анықтау үшін "Hi-tech" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

"Іс-шара барысында Шымкент криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтты анықтап, жедел бұғаттады", - делінген ресми хабарламада.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, Желі қолданушыларына қатысты алаяқтық жасаған жеті жағдай анықталды, олар бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, сатып алу, сату немесе пайдалану дерегі анықталды. Олар бойынша да тергеу жүріп жатыр. Қазақстандықтарға қажет кеңестер: - ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін айтпау; - аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеу; - күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу; - тексеру жүргізбей тауар алу үшін алдын ала төлем жасау; - күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмау, ашық табыс көзі жоқ қаржы схемаларынан сақ болу; - банкинг қызметтерінде құпиясөзді тұрақты ауыстыру және төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын пайдалану; - өз шоттарындағы ақшаны тексеріп отыру керек.

Жүктелуде...