Түркияның батысында 6.6 балдық жер сілкінісі болды (видео)

Түркияның батысында 6.6 балдық жер сілкінісі болды (видео)

ашық дереккөзі

 width=

Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Newsroom.kz+ақпарат агенттігінің Түркиядағы меншікті тілшісі Бостан Әлия хабарлайды.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын -алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 де Измир қаласының Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан алты тұрғын үй қираған. Зардап шеккендер туралы қазірге ешқандай мәлімет жоқ.

https://www.youtube.com/watch?v=HTf41c6K0dY

Түркия президенті өзінің Twitter парақшасында: "Біздің үкімет Измирліктермен бірге. Біз қолымыздан келген көмекті аямаймыз. Қазір бүкіл министірлік пен тиісті органдар Измерде қажетті жұмыстарды атқарып жатыр"- деген.

Жүктелуде...