Қазақстанға келетіндер үшін карантин неге 7 күнге ұзартылды?

Қазақстанға келетіндер үшін карантин неге 7 күнге ұзартылды?

ашық дереккөзі

 width= Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов елге ПТР анықтамасыз кіретін қазақстандықтар неге карантинде жеті күн жатуы керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Біз адамдарға сақтық шараларын сақтау керегін қаншама рет түсіндірдік. Шетелге шығып, шет елдерден оралған кезде өзіңізді ғана емес, ұшақ кемесінде болатын басқа адамдар туралы да ойлануыңыз керек. Ұшу уақыты кемінде 5-6 сағатқа созылады. Елге оралатын қазақстандықтардың 20 пайызы ПТР-тестілеуден уақытында өтпеген. Ал тестен уақытында өткен қалған 80 пайыз жолаушы денсаулығы үшін алаңдап, түрлі сауал жолдайды. «Жанымда отырған адам ПТР-тестін уақытында өтпесе, мен өзіме және отбасыма қауіп төндірмеймін бе?» деген алаңдаушылық. Бір жағынан, әуе компанияларды ПТР-анықтамасыз азаматтарды ұшақ бортына жібермеуге міндеттейміз. Бірақ әртүрлі жағдай болатынын ұмытпауымыз керек. Қазақстандықтардың елге оралуына тыйым сала алмаймыз», - деді Ерлан Қиясов.
Жолаушылардың көбі «ПТР-анықтамасыз келсек, екі күн Radisson қонақүйіндегі ауруханада жатамыз» деп ойлайтын көрінеді. Бас санитар дәрігер осы пікірге қатысты да жауап берді.
«Іс жүзінде бұл қайта жабдықталған стационарлар. Тиісті анықтамасыз оралғандарды 7 күн карантинге жатқызу - ескерту шарасы сияқты. Бір апта уақытын жоғалтқысы келмеген азамат тест тапсыруға мәжбүр болады. Меніңше, халық бұған түсіністікпен қарайды», - деді ол.

Жүктелуде...