Екі баланы зорлаған қылмыскерді алқабилер ақтап шыққан

Екі баланы зорлаған қылмыскерді алқабилер ақтап шыққан

ашық дереккөзі

 width= Алқабилер соты екі кішкентай баланы зорлаған қылмыскерлерді ақтады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Анасының айтуынша, өгей әкесі төрт жасар қыз бен оның тоғыз жасар ағасын мазақ еткен. Қылмыстық істің материалына сәйкес, ер адам ағасының көзінше қызды азаптаған. Ал ұлды ұрып соғып, иттің үйшігіне қамаған. Ол бұл қорлыққа шыдай алмай, үйден қашып кеткен. Ол үйден кетердің алдында хат жазып қалдырыпты. Кейін бала табылып, зорлық-зомбылық фактісі расталған. Ер адам бәрін мойындап, тергеушілерге барлығын айтып берген. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін сотталушының туыстары жаңа адвокат жалдаған. Осылайша, ер адам өз кінәсін мойындаудан бас тартыпты. Апелляциялық соттағы алқабилер үшін оның дәлелдері сенімді болған. Олар ақтау үкімін шығарған. Сот отырысы БАҚ-тың және басқа құқық қорғау ұйымдарының қатысуынсыз өткен. Сот қызметкерлері алқабилердің үкіміне түсінік бермеген.

"Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен жабық сот отырысында қаралды. Үкім заңды күшіне енген жоқ",- делінген ШҚО сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қоғам белсенділері алқабилер сотына сенімсіздік білдірді.
"Қорқынышты жағдай. Менің ойымша, балалар түзелмейтін психологиялық жарақат алып отыр... Қазылар алқасының 11 мүшесі айыптау үкімін шығарып, 16 жыл бас бостандығынан айырады. Алайда екінші алқабилер соты оны толығымен ақтайды. Мұндайға қалай жол беруге болады? Егер біз алқабилер сотын кішкентай қалада жинасақ, онда әр адам бір-бірін білетін болса, онда объективтілікті күтудің керегі жоқ. Менің ойымша, біздің қоғам алқабилер сотына қатысуға дайын емес", - дейді "НЕМОЛЧИ.KZ" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова.
Қордың құқық қорғаушыларын көптеген ұйым мүшелері қолдаған.    

Жүктелуде...