250 млн доллар: Қытай инвестициясына астық өңдеу кешені салынбақ

250 млн доллар: Қытай инвестициясына астық өңдеу кешені салынбақ

ашық дереккөзі

 width= Қостанай облысында құны 250 млн доллар тұратын астық және күнбағыс өнімдерін өңдейтін кешен салынбақ. Кешенді салуға қытайлық инвесторлар тартылады. Бұл туралы elevatorist.com сайты хабарлады. Кешенде астық және күнбағысты өңдеп, ұн, күнбағыс майы, глютен, крахмал және комбикорм жасалатын болады. Кешен жылына 1,5 млн тонна өнім шығаратын қуатқа ие болмақ. «Қолда бар ақпаратқа сай, қазіргі таңда жобаны оңтайландыру бойынша жұмыстар жасалуда. Сондықтан құрылыс жұмыстары нақты қашан басталатыны белгісіз», — дейді elevatorist.com сайты.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...